USD
USD
USD

Жамбыл облысында мектептердің құрылысы әлі күнге дейін бітпеген

Жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс болған білім ошақтарында қазір қарбалас.

Жамбыл облысында мектептердің құрылысы әлі күнге дейін бітпеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мердігерлер жанталасып әлек. Алғашқы тоқсан аяқталатын уақыт жақындап келеді. Ал құрылыстың бітетін түрі жоқ. Балалар онлайн оқып жатқанымен бірқатар кезекші сынып оқушылары балабақшалар мен өзге мектептерге қатынап амалдап жүр. Облыста мектеп құрылысына қатысты түйткіл жайт бірнеше ауданда бар. Бұған дейін бірқатар аудандағы жағдайды көрсеттік. Меркіде күрделі жөндеу жұмыстары кешеуілдеп, балаларды балабақшада оқытуға көшкен. Ал Қордайда биыл 180 және 150 орындық екі білім ошағы салынып апатты және орын тапшылығы бар мектеп мәселесі шешілу керек болған. Алайда құрылыс тұралап, жергілікті оқушылар апатты жағдайдағы ескі мектепте білім алып жатыр. 

Талас ауданының орталығындағы Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепте құрылыс жұмыстары бір айға кешіккен. Акт залы мен спорт зал жөнделмеген. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының орынбасары Қабыл Сәдуақасов: "15 тамызда бітіру керек еді. Біз Бердібек Сапарбаев пен бірінші орынбасары Ержан Жылқыбаевқа ұсыныс, хат  жолдадық. Біздің хатымызды, ұсынысымызды қолдап, қаржы бөліп, қайтадан 37 млн берді. Оқу кабинеттерін толық жаңартып алуға. Мектептің сырты мен кіре беріс фойенің едені қалды. Акт залы мен спорт зал сметаға қосылмай қалды. Ол сметаның ішінде жоқ. Қаржы аз бөлінген. Қаржы жетпейіне байланысты қалып қойып отыр" деді. 

 Айтуларынша, негізгі жұмыстар біткен. Тек демеушілік есебінен жасалып жатқан жұмыстар қалған көрінеді. Алайда іші астаң-кестең мектеп оқушыларды жақын арада қабылдауға дайынға ұқсамайды. Мердігер компания өкілдері жақын күндері бітіріп береміз деп сендірді.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

чернобыль

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Қоштасу рәсімі

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

ақша

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

блогер соты