17 Тамыз 20:41
...

Жамбыл облысында «Мектепке жол» акциясы туралы кеңес отырысы өтті

Фото:

Санаулы күндерден кейін облыстағы барлық білім ордалары шәкірттерге есігін айқара ашады. Жаздың соңғы күндерін әрбір ата-ана балаларын мектепке дайындауға арнайды. Білім ордалары мен ұстаздар да шәкірттерімен қайта қауышуға және кішкентай бүлдіршіндерді мектеп табылдырығына қабылдауға дайын. 

Жамбыл облысы, NEGE. Бұл үрдістен Жамбыл облысының Білім басқармасы да қалыс қалған жоқ. Жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталып, «Мектепке жол» акциясы жөнінде кеңес отырысы өтті. 

Кеңес отырысы 2022 жылдың 16 тамызында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлының төрағалығымен білім басқармасының, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасының, аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, басқармаға қарасты білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды. 

Әрбір оқушының ата-анасын мектеп формасына қатысты мәселе толғандырады. Бұл әрбір оқу жылында талқыланатын басты мәселе. Ата-аналар қолжетімді бағадағы мектеп формасын, оқуға қажетті жабдықтарды іздейді. Әсіресе бұл көп балалы аналар үшін өзекті. Кеңес отырысының күн тәртібінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу және оқушылардың мектеп формасына қатысты мәселе қаралды. 

Жиынға Жамбыл облысындағы ірі мектеп формасын тігуші «Айвенго» ЖШС, «Grand базар» сауда базарының, «MART» сауда үйінің өкілі қатысты. Арнайы өкілдерге қойлытын талап біреу - мектеп формасы мен кеңсе тауарларының бағасын тұрақтандыру. Сол себепті жиын барысында Еркін Құлымбайұлы аталған басқармалар мен әкімдіктерге жоспарға сәйкес «Мектепке жол» акциясын сапалы өткізу, мектеп формасы мен кеңсе тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. 

Қазір тек біліммен ғана озуға болады. Ал оқушының алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай толық жасалуы керек. Ата-ананың балаларын еш қиындықсыз мектепке дайындауына ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс. 

Тегтер: