USD
USD
USD

Жамбыл облысында мас күйде көлік айдаған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды

Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында мас күйде көлік айдаған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрар Рысқұлов ауданында өзінің Mercedes-Benz-190 автокөлігін мас күйінде басқарған 64 жастағы жүргізуші ұсталды. Аталған дерек осы жылғы 29 қарашада Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде анықталды.

Медициналық куәландыру ер адамның алкогольдік ішімдік ішкенін растады.

Оған қатысты мас күйінде көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Жамбылдық полицейлермен 10 айдың ішінде облыс аумағында мас күйде көлік жүргізген 631 жүргізуші жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев