USD
USD
USD

Жамбыл облысында қару-жарақтардың жасырын орындары табылды

Жамбылдық полицейлер қару-жарақтардың жасырын орындарын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында қару-жарақтардың жасырын орындары табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының полицейлері қаңтар айының 27-29 күндері аралығында тағы да жасырын қару-жарақ орындары анықталды.

Тараз қаласы 2-ПБ полиция қызметкерлері мен ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды.

Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды.

Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды.

Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2 және 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси