USD
USD
USD

Жамбыл облысында қар құрсауынан 68 адам құтқарылды

2023 жылғы 10-11 ақпанда ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көрінудің шектелуі) облыстың республикалық және облыстық маңызы бар әртүрлі бағыттардағы автожолдар учаскелерінде қозғалыс жабылды.

Жамбыл облысында қар құрсауынан 68 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін халыққа СМС ескертулер мен әлеуметтік желілер арқылы ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескерту жеткізілген болатын. Алайда, жол қызметкерлері мен құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, адамдар әлі де алыс жолға шығып, өздеріне және басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді.

Мәселен, 11 ақпанда сағат 01.00-ден 06.30-ға дейінгі кезеңде Күйік - Қарабастау-Қаратау және Қаратау-Жаңатас автожолдарының екі учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 12 жеңіл автокөліктен 68 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар