USD
USD
USD

«Жамбыл облысында генерал өзіне қол жұмсады»

Журналист Михаил Козачков телеграм-каналында Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Жанат Сүлейменовтің өзіне қол жұмсағанын жазды.

«Жамбыл облысында генерал өзіне қол жұмсады»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тараздан хабар жетті, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Жанат Сүлейменов өзіне қол жұмсады. Тәртіпсіздіктерден кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оны трибунал күтіп тұрды» деп жазды Козачков.

Іле-шала Чиновник телеграм-каналы генерал Ж.Сүлейменовтің көз жұмғанын ІІМ растағанын хабарлады.

Жамбыл облыстың Полиция департаменті оқиғаға қатысты былай деп хабарлады: «Жанат Сүлейменовтің көз жұмғаны рас. Бірақ қандай жағдай болғаны белгісіз».

1984 жылдан бері ішкі істер саласында қызмет еткен Ж.Сүлейменов 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылдығ ақпанынан Жамбыл облыстық Полиция департаментін басқарған. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler