USD
USD
USD

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының Полиция департаментімен ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде героин есірткі затын өткізумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілді.

2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың алты қатысушысы бір мезгілде ұсталды. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1,2 келіден астам героин есірткісі, сондай-ақ гашиш есірткі заты, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық