USD
USD
USD

Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп, жарақат алды

Жамбыл облысында екі кішкентай бала теміржол пойызынан секіріп кетті. Олар жарақат алып, ауруханаға түскен

Жамбыл облысында екі бала жүк пойызынан секіріп, жарақат алды
Фото: NEGE.kz

. Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз, NEGE.  29 тамыз күні сағат 22.40-та көлік полициясына Жамбыл облысының тұрғыны, 53 жастағы шопаннан хабарлама келіп түскен. Ер адам Тамды-Таласта жүріп келе жатқан жүк пойызының вагондарында кәмелетке толмаған екі баланы көргенін айтқан. Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары 40 минуттың ішінде Билекөл ауылының маңында 9 жасар баланы, ал оның 7 жасар інісін теміржол рельстерінің жанынан, Жұма станциясы маңынан тапты. Балалар Талас аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Тексеру кезінде балалар Қаратау ауылында анасымен бірге тұратыны анықталды. 29 тамызда Жамбыл ауданы Тамды ауылындағы әжесіне қонаққа барған.

Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарыпты. Балалардың ата-анасы ажырасып кеткен. Тамды стансасында балалар жүк пойызының соңғы вагонына мінген. Жолда жүк пойызы жылдамдығын арттырғанда қорқып, Жұма станциясының маңында секіріп кеткен.

Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі ("Темір жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков