USD
USD
USD

Жамбыл облысында белгісіз біреулер полицейлерге шабуыл жасаған

Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған.

Жамбыл облысында белгісіз біреулер полицейлерге шабуыл жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқаны анықталды.

"Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетті. Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Полицейлер қазір заңсыз әрекетке қатысқандар анықталғанын, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғандар ҚІЖК-нің 128-131-бабы бойынша ұсталған.

Соталды тергеп-тексерудің басқа да деректері тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша