USD
USD
USD

Жамбыл облысында балалар спортына бөлінген ақшаны жымқырған 7 адам сотталды

Жамбыл облысында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 адам сотталды, деп хабарлады облыстың прокуратурасы.

Жамбыл облысында балалар спортына бөлінген ақшаны жымқырған 7 адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аударып отырған.

Алматы, NEGE. Меркі ауданы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа да адамдардың көмегімен аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқырған. Олардың қылмысы жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын тексерген кезде әшкере болды.

"Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аударып отырған. Яғни, 2020 жылдың 29 ақпанында №16 Спорт мектебі макеттер жасау және металл құрылғыларын дайындау үшін жалпы құны 2 млн теңгеден асатын соманы жеткізушіге төлеген. Ал іс жүзінде жұмыс мүлдем орындалмаған", - дейді ведомство мамандары.

Салдарынан мемлекетке 16 млн теңге залал келтірілген. Тергеу нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"3 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бұрынғы директоры, бас есепші 3,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар енді мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқара алмайды. Ал қылмысқа көмектескен 4 сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, оларға 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару саласында қызмет атқаруға тыйым салынды", - дейді прокуратруа.

Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге шығын өтелді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар