USD
USD
USD

Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 млн теңге жымқырған

Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет ақшасын ұрлаған балабақша қызметкері сотталды.

Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 млн теңге жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, "Qamqor" әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды.

"Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында "Халық банк" АҚ карточкалық шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп