USD
USD
USD

​Жамбыл  облысында ауыл тұрғыны спорт кешенін салды

Жамбыл облысында бапкер өз қаржысына шағын спорт кешенін салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

​Жамбыл  облысында ауыл тұрғыны спорт кешенін салды
Фото: NEGE.kz

Тараз, NEGE.  Талғат Тойшыбеков Жуалы ауданындағы Жаңаталап ауылында тұрады. Бапкердің сөзінше, жас спортшылар бұған дейін 5 шақырым жердегі ауылға жаяу барып жаттығатын. Ол 2 жыл бұрын өз қаражатына спорт нысанының құрылысын бастаған. Артынша ауыл тұрғындары да жақсы істің жанынан табылып, қаржылай қолдау көрсеткен. Қазір жаңа спорт залында 100-ге жуық жас палуан еркін күреспен тегін айналысып жүр.

Жалпы Талғат Тойшыбеков 20 жылдан бері бапкерлік етеді. Шәкірттері ел чемпиондары атанып, әлем біріншіліктерінде топ жарып жүр. Мәселен, Азия ойындарында еркін күрестен ел намысын 6 палуан қорғаса, соның екеуі – осы ауылдың балалары.

Айта кетейік, биыл Жуалы ауданында 3 спорт нысаны пайдалануға берілмек. Ал 2025 жылға дейін аудандағы барлық елді мекен спорт нысанымен қамтылады.

Талғат Тойшыбеков, Жаңаталап ауылының тұрғыны:

- Бұл жерде барлық жағдай қарастырылған. Мынау жарыс өткізуге көрермендер отыратын жер. Душ, жуынатын жер. Одан кейін мынау – жаттықтырушының бөлмесі. Одан кейін мынау сырттан балаларды қалыпқа келтіретін монша соғылып жатыр. Кательный бөлек.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен