USD
USD
USD

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жүзден астам отбасына тегін үй салып жатыр

Жамбыл облысында «Асар» дәстүрін жаңғырту арқылы мұқтаж жандар баспанамен қамтылып жатыр.

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жүзден астам отбасына тегін үй салып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл өңірде жүзден астам отбасына ауыл тұрғындары асарлатып үй тұрғызды. Қазір олардың кейбірінде құрылыс аяқталып, тапсырыла бастады. Бұл игі бастама бүкіл ауылда қолдау тапты. Мойынқұм ауданында былтыр Бақыт Оразбаеваның үйі өртеніп, далада қалған. Абырой болғанда, өздері сыртқа шығып үлгерген. Ол содан бері мына шағын сарайдың тар бөлмесін паналап келіпті. Жалғызбасты көп балалы ананың жағдайын ауылдастары көріп, баспанасын қайта қалыпқа келтіріп беруге кіріскен.

Қазір он аудандағы елді мекендерде осындай жұмыстар жүріп жатыр. Әлі әлеуметтік аз қамтылғандарға 106 үй тапсырылуы тиіс. Айта кеткен жөн, «Асар» дәстүрімен үй салу кезінде жер телімдерін бөлу мен құжат рәсімдеу мәселесі жұмысты біраз тежеген. Биыл өңірде жыл соңына дейін 123 үйді ата дәстүрмен салып, тапсыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін он екісінің құрылысы аяқталып, беріліп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы