USD
USD
USD

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сатумен айналысқан топ қолға түсті

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау және сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сатумен айналысқан топ қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті.

2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды»,- делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.