USD
USD
USD

Жамбыл облысында алып нәресте дүниеге келді

Таразда салмағы бес келі, бойы 62 сантиметр болатын алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Жамбыл облысында алып нәресте дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "19 сәуір сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне 29 жасар қала тұрғыны түсті. Дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін бірден консилиум ұйымдастырылып, босандыру әдісі туралы мәселе шешілді", - делінген хабарламада.

Өйткені шарана басымен емес, жамбас тұсымен келген. Оның үстіне салмағы әдеттегіден үлкен болып көрінген. Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағына жамбаспен келген үлкен салмақты балалар табиғи жолмен туылады. Бірақ бұл жағдайда қиындық тудырғаны - ұрықтың үлкен салмағы мен ананың метаболикалық синдромы.

"Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде сағат 10:46-да салмағы 5000 грамм және бойы 62 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келді. Мұндай нәрестелер "алып" деп аталады", - дейді дәрігерлер.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум