Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбыл облысында 78 оқушы коронавирус жұқтырған

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтің төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб отырысында облыстағы эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ вакцинация мәселелері сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысында 78 оқушы коронавирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Тараз, NEGE. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, Жамбыл облысында коронавирустың тәуліктік өсімі 0,4 пайызды құрайды. «Бүгінгі таңда инфекциялық стационардағы 1200 төсектің 460-ы жүктелген, 45 науқас реанимацияда ем алуда. Карантиндік стационарда 18 адам, үй карантинінде 1741 адам жатыр», - деді басқарма басшысы. Ол сонымен қатар соңғы аптада облыста коронавирустың 152 жағдайы тіркелгенін айтты. Әсіресе, Тараз, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында жағдай шиеленісе түскен. «Соңғы екі аптада коронавирус белгілерімен байланысты жедел жәрдемді шақыртулар саны 491-ден 599-ға дейін өссе, пневмониямен, керісінше, 87-ден 48-ге дейін азайды», - деп атап өтті Ә.Қалиев. Сондай-ақ, басқарма басшысы елімізде коронавирус бойынша жағдайдың нашарлауына байланысты өңірімізде инфекциялық стационарлық екі мың төсектен тұратын резерв дайындалуда, оның 200-і реанимациялық екенін тілге тиек етті. «Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жалпы сомасы жеті миллиард теңгеге дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген. Оның 1,2 миллиард теңгесі коронавируспен күреске қажетті препараттарға жұмсалды. Тапшылық жоқ», - деп атап өтті Әсет Қалиев. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Салтанат Әлібаеваның айтуынша, жыл басынан бері 78 оқушы, 45 мұғалім және бір студент коронавирус жұқтырған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында, байланыста болған адамдармен қажетті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 22 дәрігерден COVID-19 анықталыпты. «Біздің өңір әзірге «жасыл« аймақта тұр, алайда елдегі және облыстағы жағдай шиеленісе түсуде, қырағылықты жоғалтуға болмайды», - дейді С.Әлібаева.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық