USD
USD
USD

Жамбыл облысында 48 оқушы мектеп асханасындағы тамақтан уланды

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында бастауыш сынып оқушылары мен ересектер тамақтан уланды.

Жамбыл облысында 48 оқушы мектеп асханасындағы тамақтан уланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар түскі ас кезінде мектеп асханасында тамақтан уланған.

«7 қарашада Байзақ ауданы Киікбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары уланды. Олар Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасына түсті. Аталған орта мектеп-гимназиясында асханадан түскі асты барлығы 438 адам ішкен. Бірінші пациент Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне сағат 12:30-та түсті», - делінген ақпаратта.

Дәрігерлер ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын орташа ауыр және бірқалыпты деп бағалап отыр.

Жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар