USD
USD
USD

Жамбыл облысында 2 жасар сәбиді пойыз басып кетті

Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін темір жолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы” АҚ.

Жамбыл облысында 2 жасар сәбиді пойыз басып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай болған кезде сәби темір жолда жалғыз жүрген. Оқиға 4 наурыз күні Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған. 

"Трагедия орын алған кезде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, отбасы темір жолға жақын маңда тұрады", - деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

ҚТЖ көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық