USD
USD
USD

Жамбыл облысында 16 млн теңгеге героин контрабандасының жолы кесілді

“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы ҰҚК шекара қызметі департаментімен бірлесіп Қырғыз Республикасынан Қазақстанға героин жеткізу арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында 16 млн теңгеге героин контрабандасының жолы кесілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрын есірткі сақтағаны үшін істі болған Алматы облысының тұрғыны ұсталып, одан салмағы 700 грамнан асатын героин есірткі затының 2 полиэтилен пакет тәркіленді. Күдікті әйел өз кінәсін толық мойындады.   Тәркіленген партия 1500-ден астам адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

– Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы) және 297-бөлігі 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев