USD
USD
USD

Жамбыл облысында 14 жасар бала оқ жарақатынан қайтыс болды

Жамбыл облысында 14 жасар бала оқ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында 14 жасар бала оқ жарақатынан қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  9 қарашада Меркі ауданының полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан Тескентоған ауылының 14 жасар тұрғыны пневматикалық қарудан атылған оқтың салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде оқ жарақатын алғанын анықтады.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және объективті зерттеу мақсатында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеп-тексерудің басқа деректері жариялануға жатпайды.
 

Қазір оқып жатыр

Дәдебай Құрылтайдағы орынбасарларын таңдады

Құрылтай төрағасының орынбасарлары

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КҚК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия