USD
USD
USD

Жамбыл облысы: Жарылыс болған аймақта пойыз қозғалысы тоқтады

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Тараз-Луговое жол бөлігінің тақ және жұп бағыттары барлық пойыздар үшін жабылды, деп хабарлайды nege.kz сайты. 
Жамбыл облысы: Жарылыс болған аймақта пойыз қозғалысы тоқтады
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. «Оған Жамбыл облысындағы темір жол желісінен 250-300 метр аумақта оқдәрілердің жарылуы себеп болып отыр»,-деп жазды өзінің Facebook парақшасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қайсар Жұмабайұлы.
 
Жарылыс болған аймақтан 8-10 км қашықтықта жатқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіруші пойыз келді. Сондай-ақ өрт сөндіруші пойыз Шу станциясынан да жөнелтілді. 
Жолаушылар мен жүк тасымалдаушы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. 
 
«Қазіргі таңда Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 пойыздары мен тағы 14 жүк пойызы уақытынан кешігеді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков