USD
USD
USD

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, деп хабарлайды ІІМ.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. 2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық