Референдум Референдум
USD
USD
USD

Жамбыл облысы: Бір жылда 140-тан аса көлік өртенген

Жамбыл облысында жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген.

Жамбыл облысы: Бір жылда 140-тан аса көлік өртенген
Фото: NEGE.kz

Биыл облыс аумағында барлығы 142 автокөліктің өртену оқиғасы тіркелген. Олардың салдарынан болған материалдық шығын 17 миллион 599 мың тенгені құрады. Десе де, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға кемігенін көрсетеді.

Атап айтсақ, былтыр автокөліктердің 152 өрті есепке алынып, 24 миллион 345 мың теңге шығын белгіленген. Мамандар өрттердің шығу себептері әртүрлі, электр жүйесінің зақымдануынан жанармай жүйесінің ақауына дейін екендігін баса айтып отыр.

«Өткен айдың соңғында облыс аумағында 4 автокөліктің өртену оқиғалары тіркелді. Нақтырақ айтсақ, 26 қараша күні Тараз қаласында 1992 жылғы «Audi-100» маркалы автокөлігінің және 1988 жылғы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің мотор бөлігі өртенді. Сол күні Шу ауданы, Шу қаласы, «Сахзавод» мөлтек ауданында да 1985 жылғы «Audi-100» маркалы автокөлігінің мотор бөлігінде өрт болды. Ал, келесі күні Шу ауданы, Төле би ауылының кіре берісінде «Audi-100» маркалы автокөлігі өртенді. Осы орайда өрттердің шығу себептері олардың пайдалану уақыттарымен тікелей байланысты болып отырғандығын айтқым келеді», – дейді облыстық ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Бауыржан Сейдалиев.

Сондай-ақ, ол көбіне ескі автокөліктер, пайдалану уақыты он жылдан асқандар жиі жанатынын жеткізді. Май тамшысының әсерінен жану оқиғалары аз еместігіне назар аудартқан ол жүргізушілерді көліктерін барынша бақылап, сақ болуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда