26 Тамыз 22:18

Жамбыл облысы: Әрбір 5 минут сайын дүмпу болып жатыр

Фото:
Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы әскери бөлімшеде әлі жарылыс болып жатыр.
 
Алматы, NEGE. Бұл туралы nege.kz сайты облыс тұрғындарының пікіріне сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Жасұлан Әбдіхалықтың айтуынша, Байзақ ауданындағы алапат жарылыстың дүмпуі Тараз қаласына естіліп жатыр. Сондай-ақ ол Алматы-Тараз трассасы Ақшолаққа жетпей жабық тұрғанын айтты.
 
«Байзақтың ауылдары арқылы айналып өттік. Ауылдан қалаға жеткенше алты- жеті қатты дүмпу болды. Көлікті шайқап келеді. Жолаушылардың бұл бағытқа жолға шықпағаны абзал.
Елдің бәрі үрейленіп жатыр. Өз басым жолда тұрған екі-үш адамды көлігіме отырғызып алдым. Снаряд па, оқ па, әйтеуір бірдеңе жарылып жатыр. Жол жабық болған соң айналып өтіп бара жатырмын. Жарылыс болған Королевка жақтағы ауылдар жан жаққа қашуда. Жолда адамдардың абыр-сабыр болуынан кептелес болып жатыр. Қазір солардың арасымен жүріп келемін. Әр бір 5 минут сайын дүмпу болып жатыр. Жарылыстың даусы қатты естіліп тұр. Басында жай-жай болған еді. Қазір снаряд секілді қатты естіліп жатыр. Тоқатамай тұр. Ауылдардың арасымен Тараз қаласына жете алмай келе жатқанымызға жарты сағат болды», – дейді ол.
 
Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды, деп хабарлаған болатын.
 
«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерікөмек көрсетуде. Өрт ошағының жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде», - делінген министрлік таратқан ақпаратта. 
 
Ведомство мәліметінше, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.
Тегтер: