USD
USD
USD

Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы жазғы лагерьлердің басшыларымен кездесті

Жаз айын оқушылар асыға күтеді. Өйткені, төрт тоқсан оқып, оқу жылын аман-есен аяқтап шығады. Әрбір ата-ана баласының жазғы каникулын тек ойынмен ғана емес өзін өзі дамытумен өткізгенін қалайды. Балалардың демалысын ұйымдастырудың маңыздылығы зор екенін осы тұста аңғарамыз.

 Жамбыл облысы әкімідігінің білім басқармасы жазғы лагерьлердің басшыларымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Оқушылар үшін жазғы сауықтыру лагерьлері жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Олардың барынша демалуы, қоршаған ортаны зерттеуі, шығармашылықпен айналысып, қоғамдық өмірге белсене араласуы қадағаланады. Лагерьлердегі күнделікті жаттығулар әрбір баланың дені сау, шымыр болғанын қаматамасыз етеді. Баланың ала жаздай асыр салып, демалысын құр босқа өткізуне жол бермейді. 

Жамбыл облысында оқушыларға арналған лагерьлер жазғы маусымда есіктерін айқара ашады. Демалыс лагерьлерін тиімді ұйымдастыру күн басында тұрған өзекті тақырып. 

Білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамаловтың қатысуымен өткен кездеу барысында лагерьдегі балалар демалысының ұйымдастырылу тәртібі, ата-аналарымен байланысы, танымдық бағытта атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды және баланың демалысымен қатар, қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамаловтың қатысуымен өткен кездеу барысында лагерьдегі балалар демалысының ұйымдастырылу тәртібі, ата-аналарымен байланысы, танымдық бағытта атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды және баланың демалысымен қатар, қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды.

"Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – баланың денсаулығын жақсартатын, мінезін аша түсетін, ойын еркін жеткізуге үйрететін, әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Сонымен қатар, бала лагерьге бара салысымен, ең алдымен, өз киімдерін өзі реттеп, жауапкершіліктің арта түскендігін сезеді. Тәлімгерлердің сөзін тыңдап, белгілі бір күн тәртібінің болатындығын түсінеді. Ал, күн тәртібін сақтаған баланың физикалық белсенділігі арта түсетіні де сөзсіз. Әрине, басында мұндай сәттер балаға ұнамауы мүмкін. Себебі, жаңа ортаға сіңісу кімге болса да қиынға соғады. Алайда уақыт өте келе лагерьдегі пайда болған достар, күнделікті қызықты оқиғалар балалардың жүзіне қуаныш сыйлайтынына күмәніміз жоқ", - деді Талғат Жамалов. 

Баланың жаздағы демалысы жақсы өтсе, жаңа оқу жылын сергек оймен, көтеріңкі көңіл күймен бастайды. 

Қазір оқып жатыр

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге

Маңғыстауда жеке клиникада МӘМС бойынша емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған

МӘМС

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

оқушылар

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова