USD
USD
USD

Жамбыл облысының тұрғынынан 7 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіледі. Оның қара нарықтағы құны – 7 млн теңге, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы – Қарағанды автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты. Тэя қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис (20 мың доза) шайыры екені анықталды. Оның қара нарықтағы құны – 7 млн теңгеге жуық.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер