USD
USD
USD

Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы пара алу ісінде делдал болғаны үшін сотталды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С. Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э. Мурадовқа және Т. Телеуовқа қатысты үкім шығарды.

Сот, сот үкімі, сотталды
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімін бергені үшін 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін, ал Үкімбаев – парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Мұрадовқа 10 жыл, Телеуовқа – 9 жыл, Үкімбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды7

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

.

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Сот

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Депутат