Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді

 «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларды реконструкциялау көзделген. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді.

Үкімет үйі
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Мәселен, қайтарылған активтердің бір бөлігі Талас аудандық көпсалалы орталық аурухананы реконструкциялауға бағытталмақ. Қарастырылған қаражат көлемі – 2,3 млрд теңге.

Ал Меркі аудандық көпсалалы орталық аурухананың қабылдау бөлімшесін жөндеуге 144,9 млн теңге жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстары соңғы сатысында жүріп жатыр. Нысанды пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан Жамбыл облысында төрт денсаулық сақтау нысанын іске қосуға 2,8 млрд теңге бағытталған. Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы салынғаны туралы хабарланған болатын. Олардың әрқайсысы тәулігіне 45 келушіге дейін қабылдай алады.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық