USD
USD
USD

Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты

Жамбыл облысының тұрғыны жүкті әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қылмыстық істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

"Сот үкімімен Ш. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылғы тамыз айында Қордай ауданының Масаншы ауылында сотталушы мен оның жұбайы арасында жанжал шыққан. Жанжал кезінде күйеуі әйелінің жүкті екенін біле тұра, оған өткір құралмен мойын тұсына жарақат салып, ауыр дене жарақатын келтірген.

Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарау хаттамасымен, куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзге де заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров

«Анасын таңдады»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасуға не себеп болғанын айтты

Гүлайым Рахмонова