Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысып кете жаздады

Жамбыл облысында Тараз – Шу бағыты бойынша қатынап бара жатқан жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысып қала жаздады. Абырой болғанда, машинист дер кезінде шұғыл тежегіш қолдана отырып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

Поезд
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Оқиға Қорғаты – Тәтті аралығындағы күзетілмейтін, бірақ реттелетін теміржол өткелінде орын алған. Автобус жүргізушісі пойыздың жақындап қалғанына қарамастан, рұқсат етілмеген сәтте теміржолға шығып кеткен. Бұл жағдайды байқаған локомотив бригадасы дереу әрекет етіп, пойызды тоқтатуға тырысқан.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша құқық қорғау органдарына ақпарат берілді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандардың айтуынша, машинистің жедел әрекеті ықтимал апаттың және онда болуы мүмкін адам шығынының алдын алды.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның қазасы: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия Президентіне жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

жер сілкінісі

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы

«Құрылтайға жол» жеке бастамасы ортақ іске айналуда

Меңдібай Әлімғазинов