Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбыл облысында жаңа су қоймасы салынып, 76 канал жөнделеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 76 канал мен жұмыс істеп тұрған 1 су қоймасы жөнделеді.

Су қоймасы
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Байзақ ауданында – 18 канал, Талас ауданында – 1 канал, Сарысу ауданында – 11 канал, Меркі ауданында – 1 канал, Шу ауданында – 45 канал қалпына келтіріледі. Ал, Қордай ауданындағы Қарақоңыз су қоймасына реконструкция жасалады. Байзақ ауданында жаңадан Ақмола су қоймасы салынады.

Су қоймаларын реконструкциялау және салу 9300 гектар жерге су беру сапасын жақсартады. Ал, 76 каналды жөндеу облыстағы 24,7 мың гектар егіс алқабын сумен жабдықтауды жақсартады.

«Сонымен қатар, биыл өңірде ұзындығы 67 шақырым болатын 7 каналдың учаскелерін жөндеу жоспарланып отыр. Былтыр 69 шақырым канал жөндеуден өтті. Бұл 13 мың гектар егіс алқабын суармалы сумен қамту сапасын жақсартады», - деді деді Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев.

Қазір оқып жатыр

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо

«Торпедо» әйелдер хоккей командасының таратылуына қатысты басқарма жауап берді

спорт

Қазақстандықтар өзін кедей сезінбеуі үшін айына қанша қаржыны қажет етеді?

Теңге

Астанада ер адам темекі тұтатқан сіріңкесін лақтырып, тұрақта тұрған көлікті өртеп жіберген

Көлік өрті