USD
USD
USD

Жамбыл облысында су қорының 50 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Су және экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша 11 жер қойнауын пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

жер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Негізгі бағыты экологиялық мәдениетті және Бизнестің табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болып табылатын «Таза Қазақстан» Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде прокуратура су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

«Аса өзенінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген су қорғау белдеулерінің шекараларына қарамастан пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды. Бұл әрекеттер өзен арнасын өзгертіп қана қоймай, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупін тудырды. Прокурорлық қадағалау актілері мен енгізілген хабарламалардың негізінде жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке су қорының 50 гектарға жуық жерін қайтарды», — делінген хабарламада.

Әкімдік су қорғау аймақтары мен белдеулері режимінің сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум