USD
USD
USD

Жамбыл облысында сарайдың шатырына есірткі сақтаған малшы ұсталды

Жамбылдық полицейлер сарайдың шатырына есірткі сақтаған малшыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мал шаруашылығы фермасында жұмыс істейтін ер адам қаптарға қарасора жинаған. Оны полиция қызметкерлері есірткіні орау кезінде ұстады.

Тінту барысында ішінде ұнтақталған, салмағы 2 келі 888 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар полиэтилен пакеттер тәркіленді, сондай-ақ елек табылды. Марихуана жасыратын орын ретінде ол шаруа қожалығындағы сарайдың төбесін таңдаған.

– Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны шалғайдағы ауылға малшы болып жұмыс жасауға барып, мал жаю кезінде шаруа қожалығының аумағында есірткі жинаған. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық істің материалдары жақын арада сотқа жіберілетін болады, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова