USD
USD
USD

Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады

Жамбыл облысында полиция Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьер
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Сапсан» жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі