USD
USD
USD

Жамбыл облысында өрттен 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды

Жамбыл облысында таңғы сағат бестің шамасында ірі өрт шығып, 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды. 

Баспанасыз қалу
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, алдымен үйдің сыртындағы шөп жанған. Одан кейін жалын шаруашылық құрылыстарға, соңында екіқабатты тұрғын үйге тараған.

«Оқиға орнында қатты гүрсілдер мен жарылыстар естілді, от өте тез жайылды», – дейді тұрғындар.

Өрт кезінде үйде барлық бала болған. Абырой болғанда, ата-ана барлығын дер кезінде эвакуациялап үлгерген. Қазір көпбалалы жанұя туыстарының үйіне көшірілді. Ең кіші нәресте небәрі үш апталық.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«Өрт сөндірушілер келген кезде аулада орналасқан құрылыс пен екіқабатты үйдің шатыры өртеніп жатқан. Жалынның жалпы аумағы шамамен 100 шаршы метрді құрады. Өрт 6:57-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан