USD
USD
USD

Жамбыл облысында мұғалімді сыйламаған оқушының анасына айыппұл салынды

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

сот
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Істің мән-жайына сәйкес, айыпталушының ұлы – Жаңатас қаласындағы мектеп-гимназияның кәмелетке толмаған оқушысы. Ол ағылшын тілі мұғаліміне дөрекі жауап берген. Оқушы сабаққа барудан бас тартып, былапыт сөздер айтқан. 

Осыған байланысты оның анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Ол жыл басында осындай әрекет үшін жауапқа тартылған екен. 

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алуға уәде берді, – делінген хабарламада.

Сот айыпталушының кінәсін мойындап тұрғанын, отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты. Енді ол 41 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.