USD
USD
USD

Жамбыл облысында мотокөлік жүргізушілерінің 236 заңбұзушылығы анықталды

Жамбыл облысында үш күндік рейд барысында мотокөлік жүргізушілері тарапынан 236 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды полиция департаменті.

Райымбек-Саин
Фото: gov.kz

АЛМАТЫ, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, рейд кезінде мас күйінде көлік басқарудың 5 фактісі анықталды. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі немесе қажетті санаты жоқ 57 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— 8 жүргізуші жалған мемлекеттік нөмір қолданған, ал 21 жағдайда мопед пен скутерді тіркеусіз басқару дерегі тіркелді, — делінген полиция хабарламасында.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін 99 мотокөлік айыппұл тұрағына қойылған. Полиция қызметкерлері жол ережесін сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі екенін ескертіп, екі доңғалақты көлік жүргізушілерін заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі