14 Ақпан 17:07
...

Жамбыл облысында мал ұрлағандар сотталды

Сот
Фото: pixabay.com

2024 жылдың қазан айынан бастап Т.Рысқұлов ауданының полиция бөлімшесіне бірқатар ауыл тұрғынынан мал ұрланғаны туралы арыздар түсіп, аталмыш фактімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері басталған.

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 4 күдікті анықталып, барлығы Луговой ауылының тұрғындары болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы түнгі уақытта өздерінің басқаруындағы жеңіл автокөліктерімен шығып, ауылдардың айналасында жайылып жүрген жылқы және сиыр малдарын ұстау арқылы сойып, етке өткізумен айналысқандығы анықталған.

13 бас ірі-қара ұрланып, жәбірленушілерге 4,6 млн теңгеге материалдық шығын келтірілген.

Аудандық соттың 20.12.2024 жылғы үкімімен төрт сотталушы ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Осы тектес 2024 жылдың қыркүйек және қараша айларында залал көлемі 7 млн теңге болатын 17 бас мал ұрлығының екі фактісі әшкереленген.

Аудандық соттың үкімімен екі қылмыскер 3 жыл 6 ай және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларына сотталды.

Үкімдер заңды күшіне енбеген.