USD
USD
USD

Жамбыл облысында құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді

"Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтап келгені үшін қамалды. 

Үнді марихуанасы тәркіленді
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған.

Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленді.

– Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж