USD
USD
USD

Жамбыл облысында қабір қоршауын ұрлағандар ұсталды

Жамбыл облысында қабір қоршауын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабір қоршауы
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облыстық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары аумақты патрульдеу барысында зираттағы қабір қоршауларын ұрлады деген күдікпен 31 және 34 жастағы Тараз тұрғындарын ұстады.

Қылмыс үстінде қолға түскен ер адамдар қоршауларды бұзып, металлдарын ұрламақ болған. Олар зираттарды ақша үшін талқандап, қоршауларын бөлшектеп темірге өткізуді жоспарлағанын мойындады.

Ұсталғандардың Volkswagen Golf-3 және ВАЗ-2109 автокөліктерінің жүк салғышынан қабір қоршауларының бөліктері және арнайы бұзатын құрал табылды.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі