Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жамбыл облысында грантты өтемеген түлек 1,7 млн теңгені қайтаруға міндеттелді

Грантта оқыған түлек оқуды аяқтағаннан кейін жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге, бұл талапты орындамаған жағдайда оқу шығындарын өтеуге міндетті болған.

Теңге
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Астана қаласының білім басқармасы түлектің үстінен шағым түсіріп, оқу ақысын қайтаруды талап етті, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Іс Талас аудандық сотында қаралған.

Сот дерегінше, 2018 жылы білім басқармасы, университет және жауапкер арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтерін көрсету туралы үшжақты шарт жасалған. 

Жауапкер 2021-2025 жылдар аралығында «География» мамандығы бойынша оқып, диплом алған. Бірақ уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу жөніндегі міндеттеме орындалмаған.

Оқу орнының мәліметінше, оны оқытуға 4,6 млн теңге бөлінген, оның 1,7 млн теңгесі – оқу құны, ал 2,8 млн теңгесі – төленген стипендия сомасы. 

«Талап қоюшы стипендияны қоспағанда, тек оқу шығындарын өндіріп алуды сұрады. Сотта жауапкер қарызын мойындап, оны кезең-кезеңімен өтеуге мүмкіндік беруді сұрады.

Сот шешімімен жауапкерден білім басқармасының пайдасына 1,7 млн теңге, сондай-ақ мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді», – делінген хабарламада.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты

Ауыр жүк таситын транзиттік көліктерге Астанаға кіруге тыйым салынды

транзиттік жүк көлігі

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертінің билетіне қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация