USD
USD
USD

Жамбыл облысында бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Жамбыл облысы Түймекент ауылында араға бір күн салып қайтыс болған екі жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды КТК.

мәйіті табылды
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Олар бір көшеде тұрған және бір-бірімен таныс.

Тергеу мәліметтері бойынша, 15 жастағы студент пен 16 жастағы оқушының денелері ауылдың әртүрлі учаскелерінен табылды. Бірінші жасөспірімнің мәйітін бір күн бұрын інісі байланыс мұнарасы жанынан тапқан. Келесі күні оның танысы, мектеп оқушысының денесі, үйінің сарайынан табылды.

Көршілерінің айтуынша, жасөспірімдер көп балалы отбасылардан шыққан және мінез-құлықтары жақсы болған. Полиция екі жағдайдың да «суицидке әкелу» бабы бойынша тергеліп жатқанын және ресми түрде бір-бірімен байланысты емес екенін растады. Соған қарамастан, ауылда оқиғаның себептерін анықтау үшін психологтар, педагогтар мен инспекторлардан тұратын комиссия жұмыс істеуде.

Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

«Аталған деректер бойынша Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіледі. Қаза тапқандар туыс емес», – деді ресми өкіл. 

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов