USD
USD
USD

Жамбыл облысында балабақшада инфекция жұқтырған 10 бала ауруханаға түсті

2025 жылдың 17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» балабақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен.

Денсаулық
Фото: Pixabay

​Алматы, NEGE. Оның ішінде 9 балада ішек инфекциясы, 1 балада энтеровирусты инфекция анықталды. ​​1 бала жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда).

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, тексеріс жүргізіп жатыр. Аурудың неден шыққаны анықталуда.

Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, сынамалар алынған, қорытындысын күтіп отыр.

Аталған бөбекжай жұмысы екі күнге тоқтатылып, ата аналарға ескертілді. ​​​Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады. ​​

Ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева