Жамбыл облысында ауруханадан 350 млн теңге ұрлаған хакер ұсталды
Жамбыл облысында ауруханадан 350 млн теңге ұрлаған хакер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Өткен жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасалып, соның салдарынан оның есепшотынан 350 миллион теңге ұрланған болатын. Бұл оқиғаға байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталды. Ұрланған 305 миллион теңге қаражат аурухана шотына қайтарылды.
Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
Қазір оқып жатыр
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

