USD
USD
USD

Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі болды

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісін тіркеді.

Қырғызстан шекарасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде, Жамбыл облысының аумағында орналасқан.

Зілзала дүмпуі Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 балл деңгейінде сезілді. Құлан ауылында 4 балл, Тараз және Шу қаласы, Қордай, Мойынқұм ауылдарында 2 балдық деңгейде сезілді.

ТЖМ-ның хабарлауынша, әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Қазіргі уақытта барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен