USD
USD
USD

Жамбыл облысында 465 шақырым жол жөнделіп жатыр

Бюджеттен 28 млрд теңге бөлініп, 182 жоба қолға алынды, деп жазды 24.kz.

Жол
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. «Алматы - Ташкент – Термез» күре жолындағы ескі Күйік асуына да асфальт төселеді.

 «Алматы – Ташкент – Термез» бағыты республикалық маңызы бар жолдардың бірі. Тәулігіне 35 мың автокөлік өтеді. Алайда ескі Күйік асуы тұсындағы учаскенің әбден тозығы жетіп, шұрық-тесігі шыққан. Биыл соның 12 шақырымына асфальт жабынын төсеу жоспарланаған еді. Күрделі жөндеу жұмыстары көктемде басталуы тиіс еді. Мердігер мекеме де анықталды. Алайда жұмыс кешікті.

Дәурен Әміренов, "Қазавтожол" ҰК" АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:

-Мердігер жүктелген міндетті орындаған жоқ. Тиісті техникасы мен мамандары болмады. Бекітілген кестеден кешіккендіктен келісімшартты бұзуға тура келді. Жосықсыз мекеме деп танылды. Мамыр айында басқа компания анықталып, маусымда жөндеу жұмыстары басталды. Жолдың табаны 12 см ірі асфальт-бетон жабындысынан болса, төменгі және жоғарғы қабаты 15 см.

Жоба құны 7 млрд теңге. Екінші санаттағы 12 шақырым жолдың қазір 6 шақырымнан астамы дайын. Құрылыс басында 80 арнаулы техника мен 150 жұмысшы бар. Жалпы биыл Жамбыл облысының жолдарын жөндеуге бюджеттен 28 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 465 шақырым жолға асфальт төселеді.


Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум