USD
USD
USD

Жамбыл облысында есірткі өсіретін жасырын алқап анықталды

Жамбыл облысында полиция мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бірлесіп, есірткі өсіретін жасырын алқапты анықтады. Арнайы операция «Қарасора – 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген.

Видеодан скрин
Фото: NEGE/polisia.kz

Астана, NEGE. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, құмды алқапқа жақын орналасқан аумақта үнді қарасорасы өсірілген. Жасырын плантация автономды электр қуаты және суару жүйесімен жабдықталған. Алқап әуе барлауы кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен анықталған.

Операция барысында Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Тергеу мәліметінше, күдікті құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, өңдеп, кейін басқа өңірлерге көтерме бағамен өткізуді жоспарлаған.

«Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын, биіктігі екі метрден асатын 50 түп қарасора, қаптама материалдары және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленді. Сонымен қатар оқ-дәрілері бар, сериялық нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы, 12 калибрлі Байкал мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, сондай-ақ есірткіні тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік анықталды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 және 287-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Сонымен қатар полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беру бойынша жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Серік Сәпиев Астана халықаралық қаржы орталығында жеке компаниясын тіркеді

.

Құрылтайдың әр депутатына жылына 155 млн теңге жұмсалатыны рас па?

Құрылтай бюджеті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттырмақ

Мұнай экспорты

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қарыз