USD
USD
USD

Жамбыл облысында 26 жастағы ер адамның денесі табылды

Жамбыл облысының полицейлері әлеуметтік желіде жас қыздың адам қолынан қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшыларының сөзінше, Жуалы ауданы Берікқара шатқалында ер адамды өлтіру дерегі тіркелген.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде ұқсас екі жаңалық тарады. Біреулер Берікқара шатқалында пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адам табылды десе, тағы басқалары ер адам мас күйінде жанжалдасып, жас қызды өлтірді деп хабарлады. Екі оқиғада да зардап шеккен адам мен күдікті бір демалыс аймағында жұмыс істейтіні айтылды.

Жамбыл облысының баспасөз қызметі 26 жастағы ер адамның денесі табылғанын растады. Алайда қыздың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазір осы дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті ұсталды. Тиісті тергеу амалдары басталып кетті. Қылмыстық істің мән-жайы анықталатын болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.