USD
USD
USD

Жамбыл облысында 25 жастағы жігітті атып кетті: күдікті қамауға алынды

Жамбыл облыстық полиция қызметі оққа ұшып, қаза болды делінген 25 жастағы Ахмет Дүкенбайдың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Ахмет Дүкенбай
Фото: threads.com/@kaairatovnnna

Астана, NEGE. Полиция мәліметінше, жас жігіттің өліміне күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта қылмысты жан-жақты, толық тергеп-тексеруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Полицейлер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сілтеп, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтердің жарияланбайтынын алға тартты.

Айта кетейік, Жамбыл облысының тұрғыны, 25 жастағы Ахмет Дүкенбайды 1 тамыз түнгі уақытта Тұрар Рысқұлов ауданы Луговое ауылында көшеде атып кеткен. Бұл туралы желіде марқұмның қарындасы хабарлады. Ол ағасының осы аудан аумағында қауіпті қылмыстық топтың мүшелері деп саналатын адамдардың қолынан қаза тапқанын айтады. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамдар қайғылы оқиғаға дейін бірнеше рет марқұмға қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқанын атап көрсеткен. 

Марқұмның туыстары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кінәлілердің заң алдында лайықты жазасын алып, жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз етуді сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер