USD
USD
USD

Жамбыл облысында 22 спортшы бала ауруханаға түсті

21 қаңтар түнгі уақытта Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына 12–17 жас аралығындағы 22 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Қызылорда облысынан ауданға күрестен оқу-жаттығу жиынына келген жас спортшылар «Тұран» демалыс орнында болған.

Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит.

«Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында», – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері бұл жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтілуде.

Бұл факт Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелген, құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданбақ.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен жедел штаб құрылған.

Демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы орналастырылған.  Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілген, алайда олардан ауру белгілері анықталмаған.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.